Gulmyraserykbai's Blog

Қараша 13, 2010

Джихад мұрагері болатын ұл туып беруіне болар еді

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 12:38 тк

Саясат. Экономика. Өркениет. Мәдениет. Дін. Өнер.

Жаһанданудың алып илеуішінде адамзат құндылықтары мен ізігілік өлшемдері өзгеріп отырғаны хақ. Мұны әлемді таңқалдыра тамсандырмақ болған атақты да әйгілілердің осынау құндылықтарды қолдауға емес қорлауға бел буғандары көбірек. 

Әйгілі ресейлік теннисист Анна Круникова таяуда Maxіm журналына түскен фотоссесиясында мұсылман еліне қарсы символикалық соғыс жарялағандай. Бір қолында АҚШ жалауы бар ол келесі қолына Израиль солдатының бас киімін ұстап тұр.
Араб сайттарының бірі Celeb Jihad-тың бұл ақпараттық оқиғаға байланысты: «Батыс әйелдері өз тәндерін сату үшін неге бармайды? Әйел үшін бұдан артық танымал боолу жолдары бар. Өзін автобуста жарып өлтіруге немесе джихад мұрагері болатын ұл туып беруіне болар еді»,- деп жазады.

Қараша 4, 2010

Қазақ ұлтынан қазақ еліне

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 3:47 тк

«Қайырлы таң, Қазақ елі!»,- деп

«Қазақ радиосы» күн сайын

жар сала қазақ елін оятады.

Қазақтілді виртуалдық бұқаралық кеңістіктік пен қазақ баспасөзінде қазақ елі тақырыбы төңірегінде айтыс тудырған мәселе – «қазақия аталу».  Zonakz сайтында Қоғабай Сәрсекеевтің «Ел атауын  Қазақстан  емес «Қазақия» деп өзгерткен жөн» мақаласының жарық көруі қоғамдық пікірге қозғау салып отыр. Автор қазақ мемлекеті атауын «Қазақстан» емес «Қазақия» деп атаудың еш әбестігі жоқ. «Қазақия(ие)» – қазақ елінің тарихи көне аты деп жазады.

Бұл мақалаға жауап ретінде Айна Айтжанова   «Қазақия емес, Қазақстан емес, ҚАЗАҚ елі» атты мақаласын  elrayi.kz  порталында жариялады. Публицистің:

«Қазақия» елі орыс тілінде «казахийцы», «казахцы» болып кетпей ме?
Бұл жерде «стан» дегенді алып тастау керек. «Қазақ республикасы» және «Казахская республика» – » кімнің?» деген сураққа жауап ретінде айтылады. Сондықтан бұл сөздерде қазақ елі мемлекетке ие деген сөз мәні бар,-деп жазуында мән бар.

Қазақ қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ халқы болып қалыптасып, мемлекет ретінде әлемдік деңгейде танылып келеді. Жауапты да күрделі тарихи  кезеңдерден өтіп, қазақ қоғамы, қазақ елі халық ретінде дамудың, өрлеудің жолыда. Қазақ халқының рухани түлеуі мен өркениетті өркендеуге бет тұрған шағында бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар жүгі қаншалықты салмақты болса, сол бұқара алдында сөз сөйлейтін көсемсөзшілерімізге деген сенім де соншалықты берік болмақ. Сондықтан  қазақ сөзін бұрмалап, тарихи көне аты деп жаңа атау ұсыну артық әрі бұқара санасына, қоғам пікіріне жаңылыс соқпақ салу.

Қазақ ұлтынан қазақ еліне

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 3:42 тк

Бүгінде «қазақ елі» концептінің Асан қайғының ойшылдық, танымдық ұстанымдарымен астасуы бүгінде жаңа сиатта, жаңа қырынан танылуда. Өйткені Қазақстанның жаңа тарихы, қазіргі дамуы «Қазақ елі – Жерұйық»   мекені екендігін қоғамдық ойлар мен пікірлер  танытып, дәлелдеуде.

Бүгінгі күнде, тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихи кезеңінде қазақ халқы үшін де ұлт, ел, халық сияқты қастерлі ұғымдарды тағы бір таразылап, қазақ елінен қазақ халқына дейінгі қалыптасу эволюциясын зерделеу қажет. 

Алдымен «қазақ» сөзінің мәні. Келесіден «қазақ ұлты» сөзінің мәні.  Соңында «қазақ халқы» сөзінің мәнін анықтап алмай бізде баспасөзде де осы мәселе төңірегінде айтыстардың, пікіріталастардың өрбіп отыратыны шындық.

Қазақстан – парсы сөзінен аударғанда «Қазақ елі» мағынасын білдіреді. Республикамыздағы басты тұрғылықты халқы – қазақ.  Ғасырлардан рухани құнды мұра болып жеткен мәдениеті, өнері, әдебиеті қалыптасқан өркениет жолында дамып келе жатқан ел. Қазақ халқының тілі, дәстүрі мен менталитеті шығыс халықтарына тән келеді. Бүгінде қазақ жерін мекенейтін 130-дан астам ұлт өкілдері татулығының өзегі халықтың кеңпейілдігінен, қонақжайлығынан,  ұстанған дінінен, болмысынан болса керек.

Қазақ ұлтынан қазақ еліне

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 3:38 тк

Бүгінгі қазақ қоғамын толғандыратын, қазақтың елдігін, халықтың халықтығына мән берген зиялы қауым «қазақ елі», «қазақ халқы», «қазақ тілі», «қазақ ұлты» мәселелерін рухани  салып, бұқараның назарын аударуда.

Бұл тұрғыда Астанада «Қазақ елі» монументінің ашылуы еліміздің өміріндегі, қазақ тарихындағы ең маңызды оқиғалардың  бірінен деуге болады. Осы күннен бастап зиялы қауым баспасөз беттерінде қазақ елінің мәні неде, қазақ елінің түп-төркіні қайда, қазақ мемлекеті қашан құрылды, «қазақ» этнонимі қай уақытта шыққан және оның мағынасы қандай, «Қазақ елі» мен «Қазақстан» этнонимінің мағынасы бір ме, әлде әртүрлі ме деген сұрақтарға қайта оралып, жауап іздестіре бастады. Аталған сұрақтарға жауап іздестіру, ғылыми талдау баспасөздегі айтысқа, пікірсайысқа әкелді…

Қазақ ұлтынан қазақ еліне

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 3:31 тк

Қазақтілді басылымдарда «қазақ елі» тақырыбының жариялануында тұрақталған, қалыптасқан дәстүрлер бар. Солардың қатарында қазақ елінің өміріндегі жаңалықтар мен жетістіктерге шынайы қуанып, ақ көңілмен тілек айтар дәстүрді атауға болады. Жалпы, қазақ баспасөзіндегі бұл дәстүр алғаш тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта тарихи ақтаңдақтарды ашу және руханиятты, өркениетті мұрамызды қайта әкелген үрдіс басым келді. Ақпарат  ғасырына басқан кезеңде қазақ баспасөзі де сол жаһандық үрдістердің көлеңкесінде қалмау қамымен ұлттық сипаттағы жаңалықтар форматындағы ақпараттық медианы қалыптастыруда  үздіксіз ізденісте. Ұлттық баспасөздегі тың ізденістер мен жаңа дәстүрлердің бастысы да осы «қазақ елі» концептінің бойына жинақталуда. 

 «Қазақ елі» тақырыбына келгенде қазақстандық БАҚ- тың көтерер жүгі де, атқарар міндеті де ерекше. Сондықтан бұқаралық медиа құралдарының алдында бұл тақырыпқа келгенде қазақ елін біріктіретін, ұйыстыратын, халықтың бірлігі мен достығын, бауырмалыдғы мен ізгілігін бір арнаға  бұратын ортақ үндестік алаңы болуы тиіс деген тұжырымға келуге болады.

Қазақтың медиаэтникалық мәдениеті

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 3:27 тк

Аспект-М зерттеулер орталығының зиялы қауымы бас қосқан дөңгелек үстөлінде бұқараға ұсынған тақырыбым осы. Медиамәдениет жәйін біз көп зерттеп жүрген жоқпыз. Медимамәдениет – қоғам мен мемлекет, бұқаралық мәдениет, әлеумет пен биліктің арасындағы ақпараттық қоғам мәдениеті деп отырмыз. Осы медиамәдениет қалыптасуының ұлттық факторымен қатар жаһандық факторы да аса ықпалды. Жаһандық медиаорта, медиакеңістік – медианың қоғамды билеп-төстеуімен қатар, мультимедаилық киберкеңістік өнерінің болашағы жайлы, түрлі мәдениеттер тоғысуы жайлы және сол мәдени ортаның ерекшелігі мен ұлттық сипатын сақтау қажеттігін күн тәртібіне қоюда. Жаһандық медиамәдениет көшінде ұлттық, қазақтық мәдени құндылықтарымыз медиа құралдары арқылы сақтап қалудың, дамытудың, өрбітудің қамын ойлау, әрекет етуге кеш қалмайық!

Қазан 19, 2010

Ғылымның болашағы қандай болмақ?

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 6:43 тк

Міне, тап екі күннен соң осы мәселе төңірегінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар бас қосып, алқаласып, жиын өткізбек. Халықаралық конгрестің аты да өзінің затына сай боларлықтай. Мұндай идея Қазақстанның ғылыми әлеуетін экономикалық, инновациялық даму жолына бағыттайтын ең ірі жобалар мен ғылыми қауымдастықты шоғырландыра алатын мақсаттан туған. Алда қызу да сайысты конгресс күндері тұр.

«АСТАНА ФЕНОМЕНІ» қалыптасты ма?

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 6:35 тк

Жалғасы.

Ақпараттың кумулятивтік сипатына ақпараттың жинақталуы мен сақталуы жатады. Яғни ақпараттың бұл қасиеті оның динамикалық дамуына апарады. Бүгінде «Орталық Азияның жауһары» атанған Астана қаласы туралы деректік қорлар сол қалада бастау алып, жүзеге асқан ақпараттық-коммуникативтік жобалардан бастау алады. Мәселен, электронды үкімет жобасы, интернет-конференция, тікелей эфирлердегі сұхбаттар… бұлардың барлығы жинақталып, ақпараттық деректер қорларын түзуде. 

Шынайы уақыт аралығында ақпараттың өзгеруі оның динамикалық сипатын танытады. Ақпараттың даму қасиетін ерекше атауға болады. Ақпараттық коммуникация және оның тұрақты таралуында ақпараттың қозғалысы  оның көпреттік таралуы мен қайталануын білдіреді. Десек те ақпарат нақты тілге және оның тасымалдаушысына тәуелді болғанымен ол бұл тәуелділікке аса бағына бермейді. Осының арқасында ақпаратты бірнеше тұтынушы алуы және пайдалана алады. Бұл түрлі дереккөздеріне қатысты ақпараттың пайда болуы мен сұрыпталуы сияқты сипатын танытады.

Астана феноменінің ақпараттың сипатын алсақ, әрине қаламен қатар сол ақпараттың өзі де динамикалық даму үстінде. Және бұл процесс үздіксіз жаңарып, толығып, іріктеле береді. Ежелгінің қаласы Бозықтан бастап, кейінгі Ақмола, Целиноград, бүгінгі Астана туралы ақпарат даму эволюциясында. Астананың символикалық атбритуттарымен қоса, ол туралы ақпараттың дискреттілігімен қатар енді оның дамуы, жаңаруы, түлеуі сол қаланың өзінің де дамуын әйгілейді. Яғни Астана уақыт пен ақпараттық кеңістікте қатар дамып келе жатқан қала.

Жаңа Астана өміріндегі ақпараттың дамуында екі бағытта атауға болады. Оның бірі қаланың салыну тарихын ерекшелейтін тарихи    субстанциялық талғам, өрнек деуге келеді. Бұған дәлел Астана қаласы жобасында түрлі концептер мен түрлі рухани, өркениет дәстүрлерінің тоғысуы, үйлесімі жататындығы. Қала хақындағы ақпараттардың динамикалық даму өрісі осы айтылған ойлардың маңында өрбитіндігінде. Ақпараттардың тоғысы «астананың табиғи орнына көшуі» аталған  әлеуметтік мифтің расталуында. Яғни астананы ауыстыру халықтың ғасырлар бойғы аңыз-әпсаналарының бүгінгі таңда саяси даналықпен ұштаса білуінде.

Астана феномені қалыптасуындағы ақпараттың дамуында келесі бағыт –   мифтік тұрғыда емес, саяси контекст тұрғысында аса мұқияттылықты талап етеді. Бұл Астана феноменін қалыптастыратын өте көптеген саяси, әлеуметтік және экономикалық т.б. дамуға  ықпал еткен бақылау, болжау, сыни тұрғысындағы көзқарас.  Шынында, өте жылдам қарқынмен пайда болған, кең даланың төсіне тағылған жауһардай  Астананы сырттан келген сыншыл көзқарас «жоқтан пайда болған қала» деп те жатады. Иә, дала алқабындағы  астаналық қала барлық уақыт пен талғамның, сын мен төзімнің тезінен шыңдалып өскен қала. Бұл қала феноменіне экзистенциалдық-импрессионалдық табиғи рең берері сөзсіз. Сондықтан да ХХІ ғасырда аса қарқынды дамыған астана осы Астана. Сондықтан да Астана Орталық-азиялық феномен ретінде танылуда.

Астана феномені қалыптасуында ақпараттық символдар, белгілердің, сондай-ақ деректік және т.б. ақпараттық қорлардың дамуы осы аталған ерекшеліктерден байқалады. Дамып, өсіп, қанатын жайып келе жатқан, ұлттық және жаһандық деңгейде саяси шаралардың мекеніне айналған көркем Астана сенімді де тұрақты дамып келе жатқан елдің өзіндей.

әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында» айтылған мына ойлар ойға оралады. Қайырымды қала деп оны басқарып отырған философтың адам қызметі – ақыл танымымен қол жетуге болатынын  бақыт деп түсінгені.  Қайырымды қала деп барлық мүшелері бір-біріне көмектесетін тірі жанның тіршілік етуіне көмектесетін дені сау ағза деуге болады.

Міне, ғұлама ғалымның айтып кеткен қаласы ретінде Қазақстанның да жаңа астанасын қайырымды қала деуге келеді. Астана Еуропа мен Азияны тоғыстырған, Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті біріктірген үндестік алаңына айналды.

«АСТАНА ФЕНОМЕНІ» қалыптасты ма?

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 6:33 тк

Жалғасы.

Қаланың атрибуттық символдарында көненің жәдігерлерін талдауға ұмтылыс бар. Мәселен, алтыбақан іспеттес тұғырға орналасқан пирамадилардың көшірмесі қаланың қақпасы сияқты. Бұл қаланың ақпараттық символикасындағы техникалық жағынан да, көркемдік тұрғысынан да қала туралы идеяның бастамасы. Міне, қала туралы ақпаратты жинақтаушы, тантытушы ақпараттардың атрибуттық сипатын әйгілеуші символдар осылар.

Ақпараттың прагматикалық сипаты оны пайдаланушыларға, тұтынушыларға және қоғамдық өмірде пайдалы болу деңгейімен анықталады. Қала туралы ақпараттың мәні мен маңызы, мағыналылығы  да тек символикалармен, атбриуттармен толығатыны рас.

Ақпараттық прагматикалық сипаты да оны пайдалану барысында өріс алмақ. Мәселен, әлеуметтік коммуникация қарекетінде ақпараттың берілуін сипаттайтын жаңалығы  мен мағыналылығы тұтынушы үшін жаңа, тың болып келуі.

Міне, осы тұрғыдан алғанда Астана жайлы ақпараттың жаңалығы мен мағыналылығы коммуникациялық кеңістіктегі ақпараттардың жаңа ағыны пайда болуына себін тигізді. Астана – ХХІ ғасырдың қаласы. Ол жаңа астана. Сондықтан да қала феномені  қалыптасуында да Астанаға арналған әрбір ақпараттық өнім осы мақсатта жұмыс істейді. Мәселен, Астана туралы дерекөкздерді байытуда жаңа мұражай, кітапхана сияқты ақпараттық қорлардан басқа қоғамдық пікір мен қоғамдық сана қалыптасуында үлкен рөл атқаратын бұқаралық медиа құралдары да шоғырлана бастады.

Елбасы: «Астана – ХХІ ғасыр басындағы ең үздік жоба. Ғасырлар тоғысында өз астанасын ауыстырған жалғыз елміз»,-деген болатын қаланың онжылдық мерейтойында.

Ақпараттың пайдалалық сипаты оның деректер мен мәліметтердің молая түсуімен айқындалады.  Астана қаласы жайлы ақпараттың қолжетімді, мол болуы қаланың саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан орталыққа айнаулы үшін де маңызды.

Мәселен, «Астана феномені» қалыптасуында пайдалы ақпараттардың дереккөздері отандық және шетелдік бизнес қауымдастығы үшін, инвесторлар үшін, өндірушілер, тұтынушылар үшін де аса маңызды. Бұл орайда Астана экономикалық қолайлы қалаға айналуда. Ал саяси маңызды оқиғалардың, шаралардың, жаңалықтардың отанына айналған Астананың бұл орайда рөлі қалыптасып, нығайып алды деуге болады.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қала өн бойына Қазақстанның барлық аймақтарынан білгір де іскер, жаңашыл да озық ойлы зиялы қауымдардың бірнеше ұрпағын жинап үлгерді. Астана енді еңбекпен қамтитын үлкен мегаполистер қатарын толықтыра алатын орталық.

Ақпараттың прагматикалық сипатын айқындайтын қасиеті оның құндылығында. Ақпараттың құндылығы түрлі тұтынушылар мен пайдаланушылар үшін де әрқилы. Дегенмен астана жайлы ақпараттық деректердің барлығының да бір арнаға ойысары анық. Бұл Астана феномені қалыптасуындағы бірден-бір жеміс. Яғни Астана бүгінде әлем елдері мойындап, қабылдаған жаңа да жаңашыл қала. Сондықтан қала өмірінде өтіп орын алып жатқан әрбір өзгерістер, жаңалықтар тең позитивті бағалануда. Қалаға келген әрбір қонақтың, әрбір қайраткердің, әрбір азаматтың түйіп айтар сөзі біреу. Ол қаланың жаңа Астана ретінде, айрықша шешімдердің үйлесім тапқан мекені ретінде, түрлі мәдениеттер тоғысқан ортасы ретінде, түрлі құндылықтардың қауышқан орталығы ретінде аталуы.  Сондықтан Астана туралы ақпаратты тұтынушы да, пайдаланушы да осы аталған категориялардан тыс ойланбасы рас. Сондықтан қаладағы полилогизм мен полимәдениетті орта «астаналық қазақ мәдениетінің» қалыптасып келе жатқанының белгісі.

«АСТАНА ФЕНОМЕНІ» қалыптасты ма?

Filed under: Uncategorized — gulmyraserykbai @ 6:31 тк

Осы жұмада Астана қаласының мәртебесіне арналған дәстүрлі халықаралық конференция өтпек. Биылғы ой-талқыға түсетін дүниелер Астана қаласының аймақпен қарым-қатынасына арналмақ.

1 бөлім.

Ұлттық ақпараттық кеңістіктегі Астананың қала және ел жүрегі ретіндегі феноменін анықтауда алдымен оның атрибуттық, прагматикалық, динамикалық сипаттарына тоқталсақ.

Ақпараттың өмір сүруі үшін ақпараттың атрибуттық сипаты ерекше маңызды саналады. Қаланың астаналық статусы берілмей тұрып та оның тарихи дамуының, ортағасырлық Бозық, кейініректегі Ақмола, Кеңестер Одағы тұсындағы Целиноград сияқты атаулар қаланың бүгінге дейінгі өмір сүргендігі қаланың атбриуттық сипаты деп қарастыруға болады. Яғни Астана бүгінгінің ғана емес көненің қойнауынан келе жатқан мәдениет пен өркениеттің ошағы ретінде де таныс. Бүгінгі Астана – жас мемлекеттің даму үрдісін танытатын қала. Астананың қазіргінің қаласы ретінде танылуы да ол туралы ақпараттық атбритуттың сипатынан байқауға болады. Яғни, «Астана – Қазақстан», «Астана – Тәуелсіздік», «Астана – Бәйтерек», «Астана – Ақорда» т.б. толып жатқан символикалық және семантикалық өрістегі тіркестер осының айғағы.  

Ақпараттың атбриуттық келесі сипаты – оның дискреттілігі. Ақпараттың еншісіндегі мәлімет, білім – дискретті, яғни желілерден, түстерден, әріптерден, сандардан, символдардан, белгілерден тұратын түрлі хабарламалар түрінде таралатын жекелеген деректік  мәліметтер, зерттелетін нысананың заңды тегі мен сипатымен танылады.    

Астана жаңа қала. Жаңа астана. Сондықтан қаланың жаңа мәртебесі оған тарихи, саяси, экономикалық,  мәдени, рухани, танымдық тұрғыдан алғанда көпқырлы, мәртебелі жауапкершілік жүктейді. Қала қызметін, келбетін, болмысын танытатын да осы атбритуттық сипаты. Кез-келген астана секілді  қаланың да өзіндік қолтаңбасы бар. Астана аллеялары мен алаңдары  «қала-дала»,  «қазіргінің қаласы-бұрынғының киіз үйі», «қалалықтар-көшпеліліер» сияқты ассоциациялық, символикалық бейнеге еніп келеді. Бұл қаланың абтритуттық сипатына қайталанбас қолтаңба беріп отырғаны рас.

Ақпарат бұрынғы жиылған, белгілі болған ақпаратпен бірігіп, оның дамуына, жинақталуына сеп болады. Ақпараттың бұл қасиетін үздіксіздік сипаты деп атайды. Ақпараттың атрибуттық сипаты оның үздіксіз ескімен жаңаланып, дамып отыратындығында. 

Астананың бүгінгі көшелерінде осынау өткен мен бүгінгінің үйлесімін түрлі архитектуралық, символикалық нысандардан көруге болады. Қалада бұрынғы мен қазіргінің үйлесім тапқан ортасының кездесуі – ұлттық өркениет, мәдениетке деген құрметтің белгісі. Мәселен,  архетиптік қойма кешенін алсақ. «Саяси репрессия құрбандары монументінде» балбал тастар стилі мен Тамғалы тастарындағы жәдігер таңбалардың бейнелік қатарларын атауға болады.

Ежелгі және ортағасырлық ескерткіштердегі архетиптік символдар Астананы тас қорғандар, балбал тастар басқа да символдармен әрлей түсіп,  «қала феноменінің» атрибуттық сипатын айқындай түсті. Бұл өткеннің өзіндік жаңғыруы, ұлттық және рухани идея концептін материалдық негіздеу тенденциясы саналады.

« Алдыңғы бетКелесі бет

WordPress.com-дағы блог.